Previous Page  19 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 192 Next Page
Page Background

19

Отбасы шаттығы

жақсы іс емес. Шариғатымызда ажырасу – Алланың

рұқсат еткен істерінің ең жек көрініштісі болып сана-

лады. Мәселеге осы тұрғыдан қарауымыз қажет-ақ.

Расында да, неке – өте қастерлі ұғым. Ер мен

әйелдің некесі болмаған жерде бүгінгі тіршілікті де

елестету қиын. Некенің көптеген қырлары бар. Адамның

көптеген қажеттіліктері неке арқылы өтеледі.

Мәселен, бала сүйіп, артына ұрпақ қалдырғысы

келген жан бұл мұратына тек неке арқылы ғана қол

жеткізеді. Екінші жағынан, адам баласы бұл дүниеде

жалғыз өмір сүре алмайды. Адамға серік керек.

Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасады. Ал адамның күні

адаммен, соның ішінде ердің күні әйелмен, әйелдің күні

ерімен екені даусыз. Алайда қойдың отары, жылқының

үйірінен адам жамағатының ерекшелігі сол – онда

белгілі бір жүйе, белгілі бір заңдылық, талаптар бар.

Міне, осы ұлы адамзаттық жамағаттың ең түпкі бөлігі

отбасы болып табылады. Демек бүкіл адамзат қауымы

шағын отбасылардан құралған алып жанұя іспеттес.

Құранда айтылған Алла тағаланың барша адамдар-

ды бір еркектен және бір әйелден тарататыны туралы

аяттан осындай да мағына шығады. (Қараңыз: «Хужу-

рат», сүресі, 13-аят).

Ендеше, отбасын құрып, шаңырақ көтерудің ең

негізгі мәні дүние деген мына әлемге ұрпақ әкелу,

адамзат нәсілін жалғастыру. Ендеше, арғы дүниедегі

ұлы махшар алаңында жиналатын бүкіл өзекті жан-

дар бір кездері бір ата, бір анадан өрбиді. Кейбіреулер

әйел ер адамның тән қалауы үшін жаралған деп ойла-

уы да мүмкін. Әрине, мұны жоққа шығара алмаймыз.

Алайда жанұя құрудың ең негізгі мәніне дәл мұндай

биологиялық, физиологиялық немесе анатомиялық

жағынан бұрын әлеуметтік тұрғыдан қараған мақұл.