14
Отбасы – жауапкершілік
Мұсылман адам бүкіл өмірінде шариғатымыздың
өлшемдерінен мүлт кетпеуге тырысады. Өйткені ол
әр нәрсенің сұрауы алынатын Есеп күніне сенеді. Бір
періште келіп: «Күнің бітті, дәм-тұзың таусылды, енді
бұл өмірмен қош айтысуға дайындал» деген кезде адам-
дар өмірінде ұтқанын біліп қуанады, не ұтылғанын біліп
өкінеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Ислам дінінде
бір мұсылманның өзіне жар таңдап, отбасын құруы,
одан Алла разылығын көксейтін ізгі ұрпақ өрбітуі өте
маңызды мәселе. Алла тағала Құран кәрімде былай
дейді: «
Оларға бойларың үйреніп тұрақтауларың
үшін сендерге өз араларыңнан жұбайлар жаратып,
араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салуы да
Алланың белгілерінің бірі. Ой жүгірте білетін қауым
үшін мұнда көп ғибрат бар
» («Рум» сүресі, 21-аят).
Ендеше, үйлену, отбасын құру адамның жаратылы-
сымен, табиғатымен астасып кеткен нығмет. Аяттың
мазмұнына үңілсек, ер мен әйелдің арасына махаббат
сезімін салушы Алла тағала екенін байқаймыз. Шынын-
да да бұл аятта көп ғибрат жатыр. Егер Алла тағала ер
мен әйелді жаратып, бірақ оларға сүйіспеншілік сезімін
бермесе, онда екі жар бір-бірін тауып қосылмас еді.
Үйленбес еді, ұрпақ жалғастырып, адам санын көбейте
алмас еді. Міне, ақын-жазушылардың сан ғасырдан бері
шығармаларына негізгі арқау етіп келе жатқан махаб-
бат, сүйіспеншілік сезімі аса мейірімді Алла тағаланың
өз құлдарына нәсіп еткен үлкен нығметі екенін осы аят
айқын білдіруде. Сол себепті Аллаға иман келтірген