15
Отбасы шаттығы
әрбір мұсылман өз жұбайы Алланың нығметі екенін
сезе отырып, отау құру, ақ неке қидыру секілді отбасы
төңірегіндегі істерінің бәрін шариғат заңдары бойын-
ша атқаруы тиіс. Бұл бір. Екіншіден, әрбір қоғамның,
ұлттың, халықтың озық болуы, кемел болуы отбасы-
нан, яғни өмірлік серік болуға келіскен екі жастың қол
ұстасып құрған ұясынан бастау алатыны сөзсіз. Демек
қоғамда кез келген проблема туындап жатса, оның
шешімін отбасы тәрбиесінен іздесек қателеспейміз.
Өйткені – жан-жақты тәрбиенің де қайнар көзі.
Ал жеке адамға қатысты жағынан келсек, сәтті
құрылған отбасы бұл өмірдің де, бақи өмірдің де
сәтті болуының алғашқы баспалдағы екендігі анық.
Сондықтан мұсылман адам отбасын құру мәселесіне
үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Енді үйленетін
жастың әуелі қандай жағдайларға мән беруі керек?
Отбасы – қоғам тіршілігіне серпін беретін ең
маңызды бөлшек болумен қатар ұлттың, мемлекеттің
бастапқы ядросы. Отбасы – қасиетті әрі аса қастерлі
ұғым. Сондықтан кім кімде үйлену мәселесіне үлкен
мақсатпен келу керек. Оның қасиеттілігінің ең бірінші
белгісі – Ислами некеде жатыр. Некенің сақталуы
тиіс ұстанымдары, мақсат-міндеттері болады. Ерлі-
зайыптыларға жүктелетін салмақты құқықтық міндеттері
болады. Үйленудің осындай маңызды жағы бар. Бір
қызға үйлене салсам, бірге тұра берсем, соным неке
болады деген тар түсініктен аулақ болу керек. Некенің
шарттары сақталмай, шариғат талаптары орындалмай,
яғни мақсатсыз құрыла салған отбасы мұсылмандық
негіздерден алшақ.
Мақсатсыз құрылған жанұя ниетсіз амал секілді.
Онда береке болмайды. Мақсат болмаған соң, кей-