Previous Page  61 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 192 Next Page
Page Background

61

Бауырмашылдық

Бір ана, бір атадан туылып, бір шаңырақтың астын-

да өскен жандарды бір-біріне бауыр деп атаймыз. Алай-

да «бауыр», «бауырмашылдық» деген ұғымдардың ая-

сын туыстық немесе бір үйде өмір сүрумен ғана шек-

теу дұрыс емес. Өйткені ақиқат дініміз тек бір атаның

перзенттерін емес, бүкіл мұсылман атаулыны бір-

біріне бауыр екендігін насихаттайды. Құран кәрімде:

«Шын мәнінде, мүміндер бір-біріне бауыр. Сондықтан

туыстарыңның арасын жарастырыңдар» («Хужу-

рат» сүресі, 10-аят) деген де аят бар. Сондай-ақ Алла

елшісі (с.ғ.с.) «Сендер өздерің үшін қалағандарыңды

бауырларың үшін қаламайынша толық иманды

болмайсыңдар» деген хадисі арқылы мұсылмандар

арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ұлы ережені

білдірді. Ақиқатында да, бауырлық сезімнің бұзылуы

көп жағдайда адамдардың тек қара бастарын ойлап,

өзгелерді есепке алмаудан туындайды. Өзі көбірек

нәрсеге иелік етсе, өз жағдайы жақсы болса, тек өзінің

айтқаны жүріп тұрса, тек өзінің тамағы тоқ, киімі көк

болса деп тілеп, ал қасындағы бауырына не болса ол

болсын деп неқұрайлы қараса, адамдар арасындағы

бауырлық байланыс әлсірейді. Бірте-бірте тіпті үзіледі.

Мұндай жағдайда адамдардың бірге туғаны да рөл ойна-

май қалуы ықтимал. Ал өзімізге бар қалағанымызды

өзге үшін де болсын деп қаласақ, онда бауырмашылдық

барынша күшейетіні даусыз. Мұны бауырмашылдықты

нығайтатын бірінші қағида деп атайық.