Previous Page  62 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 192 Next Page
Page Background

62

Жанұя жарасымы

Енді Ислам тарихынан, саңлақ сахабалар өмір

сүрген алтын дәуірден бауырмашылдықтың бір үлгісін

келтірейік.

Бір күні Алла елшісіне (с.ғ.с.) бірнеше күн нәр тат-

пай, аштықтан бүкіл әл-дәрмені құрыған бір кісі келіп:

«Уа, Алланың елшісі, мынадай қиын жағдайға тап бол-

дым» деді. Алла елшісі (с.ғ.с.) өз әйелдеріне жіберіп

еді, олардан да тіске басар ештеңе табыла қоймады.

Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына:

«Бүгін түнде бір кісіні қонақ етіп, Алланың рақымына

бөленгісі келген жан бар ма?» деді. Мәдиналық ансар-

лардан бір жігіт орнынан тұрып: «Мен күтейін» деді.

Сөйтіп әлгі кісіні ертіп үйіне келді. Келе сала әйеліне:

«Бұл кісі Пайғамбарымыздың қонағы, ештеңеңді аяп

қалма» деп сыбырлады. Сонда жұбайы: «Алла куә,

кішкентай қызымызды алдаусырататын аз ғана азықтан

басқа ештеңе жоқ» деп үйдің жайын айтты. «Онда былай

жаса, – деді үй иесі, – Қызымыз қарны ашып жыласа,

оны ұйықтат. Ал барыңды қонақтың алдына әкелгенде,

шамды сөндіріп қой. Өзіміз тамақ жеп отырған секілді

бос қасықты қимылдатып отырайық». Бәрін дәл осылай

жасады. Ертесіне әлгі жігітті көрген Алла елшісі (с.ғ.с.)

былай деді: «Алла тағала пәлен еркек пен түген әйелдің

түндегі істеріне разы болды. Сөйтіп мына аятты түсірді

деп: «

Өздері мұқтаждық тартса да, оларды өздерінен

артық көреді

» деген аятты оқып берді.

Міне, бұл оқиғаға қарасақ, қонақ та, күтуші де бір ата,

бір анадан тумаған. Алайда олар Аллаға шын берілген

мұсылмандар еді. Осы жерден бауырмашылдықты

күшейтетін екінші қағидат шығып отыр.

Мұсылман

адам өзі қиналып отырса да, бауырының жағдайын

өзінен артық көреді.