81
Құран берекесіне кенеліңіз
Иман шарттарының бірі – кітаптарға иман. Бұл
шарт орындалмаса, ешкімнің де иманы кәміл болмай-
ды. Бүгінгі қоғамның рухани ахуалын жақсартудың
ең тиімді жолы – иманның осы шартына аса көп көңіл
бөлу.
Ұлы Жаратушымыз әр түрлі дәуірлерде өмір сүрген
түрлі-түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тыйым
дарын қасиетті кітаптар мен парақтар арқылы жіберіп
отырған. Сол кітаптарда өмірде кездесетін кез келген
түйткілдердің ең тиімді шешімдері баянетілген. Иләһи
парақтардың нақты саны бізге беймәлім. Ал, қасиетті кі
таптың саны төртеу. Олар: Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран.
Біз, мұсылмандар, бұл төрт кітаптың барлығының Алла
тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жі
берілгендігіне кәміл сенеміз. Алайда заман өте келе Құ
раннан бұрын түсірілген үш кітапқа адамдар тарапынан
әр түрлі әдейі өзгертулер мен бұрмалаулар енгізілгені
анық. Сондықтан оларды өмірлік басшылыққа ал-
маймыз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге
алынбайды, әрі амал етілмейді. Бұл жайлы аят, хадис-
терде көп айтылған. Сондықтан алдыңғы үш кітапқа
көп тоқталмай, ең соңғы ақиқат кітап Құранға ғана
тоқталамыз. Құранның ең үлкен ерекшеліктерінің бірі ол
белгілі бір қауымға немесе тайпаға ғана емес, Қияметке
дейінгі күллі адамзатқа арналған иләһи пәрмен болып
саналады. Кейбіреулер Құранды ғана назарға алсақ,
одан бұрынғы кітаптардың үкімдері қайда қалды деп