85
Дін – насихат
бір жақсылық жазылады, ал әрбір жақсы амал үшін он
сауап жазылады, мен “Әлиф, Ләм, Мимді” бір әріп деп
айтпаймын, жоқ, “Әлиф” – бір әріп, “Ләм” – бір әріп
және “Мим” – бір әріп». (ат-Тирмизи ). Міне, Құранды
көп оқушылар осындай сүйіншілеріне асыға берсін.
Бұл Құранды оқушылар үшін. Ал оны оқи алмай-
тындар не істейді? Өздері оқуды үйреніп алғанша,
өзгелердің оқуын тыңдайды. Әсіресе, қазіргі ғылым мен
техниканың ғасырында небір қаз дауысты қарилардың
Құран оқығанын үнтаспаға жазып алып тыңдауға
мүмкіндік көп. Сөйтіп оны тыңдау арқылы құлшылық
жасауға, Жаратушымыздың рақымына бөленуге бола-
ды. Бұл туралы Құранда былай делінеді: «Қашан Құран
оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үңдемеңдер.
Осылайша рақымға бөленерсіңдер» («Ағраф» сүресі,
204-аят).
Құранды тыңдаудың өзі мұсылман баласы үшін
Алланың рақымына қол жеткізуге себепкер. Жал-
пы, Құранның мұсылман баласына берер пайдасын
санап тауысу мүмкін емес. Мысалы, хадистерінің
бірінде Алла елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Егер адам-
дар Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Құран оқып,
оны өзара талқылайтын болса, оларға міндетті түрде
жан тыныштығы түседі және оларды рахымшылық
бүркеп періштелер қоршауына алады. Алла оларды
Өзінің құзырындағылар жанында еске алады», – дейді
(Мүслим).
Мұнда «Оқыса, өзара талқыласа» делінген. Де-
мек, Құранды өзара талқылау маңызды іс және
мұсылмандарға қойылып отырған талаптардың бірі.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де одан шет қалмаған.