89
БАЛА БОЛАШАҒЫМЫЗ
Бала тәрбиесі не үшін керек?
Ата-ана өз перзентін көз қуанышымыз, жүрегіміздің
нұры, жанымыздың бір жапырақ бөлшегі деп ерек-
ше жақсы көреді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай, аялап өсіреді. Баланың табанына кірген
шөгір менің маңдайыма кірсін деп, аяулы алақанына са-
лып ер жеткізеді. Перзентінің тәні ауыра қалса, жанын
қоярға жер таппайды. Бірақ мұның барлығы да олардың
тәні мен денесін қорғаштаудың амалдары ғана.
Ал енді сол балаларымыздың жаны қалай дамып
жатыр, рухы қандай күй кешуде? Шыны керек, оған
көп көңіл бөлмейтін секілдіміз.
Ақиқатына қарасақ, жалпы елдік тұрғыдан алғанда,
ұл-қызымызды рухани дерт, ауру шалғанына да біраз
уақыт болып қалғандай.
Біз егер көйлектің іші-тысын ауыстырғандай етіп,
олардың ішкі жан дүниесін сыртқа шығарып қарайтын
болсақ, ондағы рухани аурулардың түрлері мен көптігін
көріп таң қалар едік. Таң қалудан бұрын «әттеген-ай»
деп «аһ» ұрар едік. Тіпті жас балапандарымыздың кіп-
кішкентай жүрегін шағу үшін маңайлап жүрген аузы
арандай рухани жыландар мен рухани шаяндарды
көргенде, шыбын жанымыз шырқырап, сан соғар едік.
«Байғұс балаларымызды осындай рухани мүгедек халге