95
Бала болашағымыз
Енді осы мәселелерге асыл дініміз тұрғысынан
келейік. Ислам көзқарасы бойынша балаға тәлім-тәрбие
беретін ең алғашқы мектеп, алғашқы медресе, алғашқы
ұя отбасы болып саналады. Егер отбасында баланың
рухани дамуына, жетілуіне көңіл бөлінбесе, онда ол
бала ертең бас ауруымызға, жүрегіміздің ең ауыр
қайғысына айналуы мүмкін. Дұрыс тәрбие көрмеген
ұл-қыз тек ата-анасының ғана емес, бүкіл қоғамның,
елдің, тіпті адамзаттың ең үлкен проблемасына айна-
луы әбден ықтимал. Кешегі ата-бабамыз жастардың
бұзықшылығын көргенде, ең алдымен «Бұл баланың
ата-анасы қайда, неге баласына дұрыс қарамайды» деп
бұзақылықтың себебін әке-шешеден іздейтін. Осыған
көп көңіл бөлуіміз керек. Олай болса, бала тәрбиесі
бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын өте үлкен
жауапкершілік. Сонда не істеу керек?
Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «
Адам баласы
қайтыс болғанда, оның үш нәрседен басқа амалдары
түгел тоқтайды: «көпшіліктің игілігі үшін берілген
садақа, пайдалы ілім және артынан дұға жасап
тұратын ізгі ұрпақ
» делінген.
Осы жерден құрытынды шығарар болсақ, сіз
ұлыңызға намаз үйрететін болсаңыз, оның әрбір оқыған
намазынан өзіне берілетіндей сауап сізге де жазылып
отырады. Ал егер ол үйленіп, өз баласын да сол сіз
үйреткенге баулитын болса, оларға жазылатын мол
сауапқа сіз де ие боласыз. Баламызға өзге де игі істерді
үйретудің осы намазға үйрету секілді сауабы мол.
Тағы бір хадисінде Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай
деген: «
Кім де кім тура жолға шақырса, оған соңынан
ерушілердің сауабындай сауап жазылады. Одан бір де
бір нәрсе кемітілмейді, ал кімде-кім теріс жолға бас-