Previous Page  101 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 192 Next Page
Page Background

101

Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету

Ислам дінінде бала тәрбиесі жақсы жар таңдаудан

бастау алатыны айтылды. Демек, ер адам өмірлік жол-

дасын таңдағанда, оған тек жар ретінде ғана емес,

өзінің келешек ұрпағының, бала-шағасының тәлімгері,

тәрбиешісі деп те назар аударуы тиіс. Ал енді бір жұп

отбасын құрғаннан кейін қандай мәселелерге көңіл

бөлуі керек? Жас жұбайлар ақ некесін қиып отбасылық

өмірдің табалдырығын аттай салып, бала болашағын

ойластыру жайлы Ислам діні не дейді? Бала тәрбиесі

тұрғысынан сол мәселені қозғамақпыз.

Жалпы, ерлі-зайыпты шаңырақ көтерген күнінен

бастап бала тәрбиесінің қамына кіріскені абзал.

Себебі, бала тәрбиесінде жүктілікке дейінгі кезең

де өте маңызды. Ислам діні бұл кезең жайлы ерлі-

зайыптыларға анық бағыт-бағдар көрсеткен.

Мысалы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Жұбайларыңа жақындайтын кезде

«بِسْمِ اللِّ اللّهُمّ جَنِّبْنَا الشّيْطَانَ وَجَنِّبْ الشّيْطَانَ مَا رَزَقْتَنَا»

«Бисмилләһ, Раббым, мені шайтаннан, ал шайтанды

бізге нәсіп ететін перзенттен алыстата гөр!» – деп

дұға етсе, содан кейін Алла оларға перзент нәсіп

етсе, шайтан ол балаға ешқашан жамандық жасай

алмайды»,

– деп баяндайды. Демек, ұл-қызымыздың

иманды, адал ниетті, көркем мінезді, парасатты болуын

қаласақ, жұбайлық өмірдің алғашқы күнінен-ақ оған

көп мән беруіміз керек.