Previous Page  100 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 192 Next Page
Page Background

100

Жанұя жарасымы

Сосын баласына жақсы ат қоюы әрі оған Құран

кәрімді үйретуі қажет

».

Мұны естіген бала: «

Ендеше, әкем бұлардың

ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде

таңдаған әйелі мәжуси (отқа табынушы), қойған аты

«тасбақа» деген мағынаны береді. Ал Құраннан бір

әріп те үйреткен емес

», – дейді. Сонда хазірет Омар

баланың әкесіне қарап: «Негізінде сенің үстіңнен

балаң шағым жасауы қажет екен. Баланың алдындағы

парызыңды орындамасаң, бала да әкенің алдындағы өз

міндетін орындамасы анық», – деп, кінәнің әкеде екенін

түсіндірген екен. Демек, бала отбасында тәрбие көрмесе,

намаз оқымаса, Алланы танып, Пайғамбарымызды

білмесе, онда ол өз бетінше өседі. Сондықтан күнделікті

ұл-қызымызды қасымызға шақырып алып: «Балам,

сен мұсылмансың, сен Жаратушы иеңді тануың керек,

Пайғамбарымыздың сүннетін білуің керек. Намаз оқуың

керек. Әдепті болуың керек. Иманды, ибалы болуың

керек» деген секілді ақыл-кеңестерді көп айтып отыру

міндетіміз. Соның бәрі көбінесе, балалардың қасында

отыратын аналарға артылатын жүк. Аналарға дініміздің

көп жеңілдік беруі тегін емес. Сондықтан ер адам өз

балаларының тәрбиесін жақсы жар таңдаудан бастағаны

дұрыс.