103
Бала болашағымыз
сен дұғаны естушісің!»
деп дұға еткен. Ал Ибраһим
пайғамбар (а.с.):
« رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصّالِحِينَ »
«Уа, раббым, маған салиқалы ұл бере гөр»
деп дұға
жасаған. Алла тағала оны қабыл етіп, пайғамбар болатын,
өте ықыласты Исмайылды нәсіп етеді. Кейінен осы
әкелі-балалы пайғамбарлар Қағбаны салып бітіргенде,
былай деп дұға жасағаны тағы бар:
«Уа, Раббымыз!
Бізді Саған бас иетіндерден қыла гөр! Ұрпағымыздан
саған бағынатын үмбет шығара гөр!».
Енді қарап
отырсақ, Ибраһим пайғамбардың (а.с.) ұрпағынан
жүздеген пайғамбарлар шықты. Исмайыл пайғамбардың
ұрпағынан адамзаттың асылы – Мұхаммед пайғамбар
(с.ғ.с.) дүниеге келді.
Біз, қазақ халқы, қазірге дейін кімнің милләті
екенімізді деп сұрағандарға: «Ибраһим пайғамбардың
милләтімін» деп жауап беретініміз осыдан. Сондай-ақ
Ибраһим пайғамбардың (а.с.): ِ
رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصّلَةِ وَمِن ذُرِّيّتِي ۚ رَبّنَا وَتَقَبّلْ دُعَاء
«Уа, Раббым, мені және ұрпағымды намазын
тастамай оқитындардан ете гөр! Уа, Раббым, осы
дұғамды қабыл ете гөр!»
3
–
деп діндар ұрпақ тілегені
де бар.
Жинақтай келе айтарымыз, шариғатымыз балаға
туылмай жатып мән беруге шақырады. Жақсы жар
таңдаудан бастайды. Қыз баланың «мен кейін ана бо-
ламын» деп, ұл баланың мен кейін әке боламын деп
3
«Ибраһим» сүресі, 14/40.