109
Бала болашағымыз
берудің тарихына қарасақ, сахабалар өздерінің арасында
ізгі істерімен танылған бауырларының атын баларына
тәбәрік етіп қойғанын көреміз. Бұл, әрине, «Перзентіміз
сондай болар ма екен» деген арман-тілектен туған
дүние еді. Мысалы, «Хамза», «Жағфар», «Мұсғаб» де-
ген есімдердің қойылуын осылай түсіндіруге болады.
Мұсылмандыққа дейін Алланың ханиф дінін ұстанған
қауымдар өз перзенттеріне пайғамбарларының неме-
се өздерінен бұрын өткен ең ізгі тұлғаларының есімін
бергенін білдіретін хадистер де бар.
Айша
анамыздың
айтуынша,
ардақты
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір мағынасы нашар есімдерді
өзгертіп отырған. Өйткені жоғарыда айтылғандай,
сәбиге қойылатын есімнің екі дүниеге тікелей қатысы
бар. Мысалы, «Асия» яғни «қарсы келуші» деген есімді
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Жәмилә» яғни «көркем»,
«әдемі» деген мағынадағы есімге ауыстырған.
Бірқатар хадистер де балаға туылған күні ат қою
қажеттілігі айтылған. Сонымен қатар бұл істі бала
туылғаннан кейін жетінші күні атқаруға болатынын
аңғартатын да бірнеше хадис бар.
Осы айтылғандарды жинақтай келгенде, перзентіне
есім қоятын адам қандай мәселерге көңіл бөлуге тиіс.
Біріншіден, балаға діні бар, иманы бар, құлшылығы
мол кісілердің, пайғамбарлар мен елшілердің есімін
берген дұрыс. Осы арқылы перзентіміз келешек-
те Аллаға, дінге, мұсылмандыққа жақын болады деп
ниет етіледі. «Алланың құлы», «Рахманның құлы» де-
ген мағыналарды білдіретін «Абдулла», «Абдурахман»
деген есімдерді Пайғамбарымыз тектен тек ұсынып
отырған жоқ. Алла осы есімдерді жақсы көреді деп бе-
кер айтқан жоқ.