Previous Page  106 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 106 / 192 Next Page
Page Background

106

Жанұя жарасымы

әрине, іштегі баланың дұрыс жетілуін тілеуден туған

ғұрыптарымыз.

Сондай-ақ аяғы ауыр кезде темекі шеккен әйелдер

қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкеледі. Себебі, темекінің уы

жатырдағы сәбидің миын зақымдайды екен.

Олай болса, тәні сау, жаны ізгі ұрпақ сүйгіміз кел-

се, бала тәрбиесін анасының жүктілік кезінен бастап,

мықтап қолға алуға тиіспіз. Мәселен, әйел адам жүкті

кезінде Құранды көбірек тыңдаса, өзі де оны дауыстап

оқыса, онда баланың жатырда жатып-ақ Құранмен таны-

суына жол ашылады. Ал құлшылығын молайтып, дұға

жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай бола-

ды. Әрбір әрекетіне мұқият болып, мұсылмандыққа сай

өмір сүрсе, баланың да ертеңгі күні адал, әділ, иманды,

талапты, жүрегі-айна, көңілі ояу азамат болып өсуіне

септігін тигізеді. Жас нәрестенің мәңгілік қуаныш бо-

латындай өсуіне күш жұмсайды.

Иә, Құранда баланың бұл дүниенің сәні екендігі

жайында мынадай аят бар:

«الْمَالُ وَالْبَنُونَ زِينَةُ الْحَيَاةِ الدّنْيَا وَالْبَاقِيَاتُ الصّالِحَاتُ

خَيْرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَاباً وَخَيْرٌ أَمَلً »

«

Байлық пен бала-шаға – дүние тіршілігінің сәні.

Ал мәңгі қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның

қасында, табыс жағынан да, үміт тұрғысынан

да әлдеқайда жақсырақ

» («Кәһф» сүресі, 46-аят)-

делінген. Ендеше, Алла тағала көптеген жандарды осы

бала-шаға арқылы қуаныш-шаттыққа жеткізеді. Оларды

көздің шаттығы, көңілдің қуаты, жүректің азығы етеді.

Алайда перзентке жай бір дүние тіршілігіне келетін де

кететін, бар болатын да, жоқ болатын уақытша нығмет,