Previous Page  112 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 192 Next Page
Page Background

112

Жанұя жарасымы

Ханафи мәзһабында ақиқа құрбандығын шалу – му-

бах, яғни сауабы мол іске жатады. Кей ғалымдар оның

үкімі сүннет дейді. Бірақ ақиқа құрбанын шамасы кел-

гендер де, келмегендер де шалуға тиіс деген міндеттеме

жоқ.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, ақиқа

құрбандығын бала туылғаннан кейінжетінші күні шалған

дұрыс. Жетінші күні шала алмағандар он төртінші неме-

се жиырма бірінші күні шалуға болады деген ғалымдар

да кездеседі. Бірақ туылған күннен балиғат жасына

толғанға дейін шала беруге болады дейтін үкімдер де

бар. Ал имам Мәлик «Кімде кім жетінші күні ақиқа

шала алмаса, қалаған күні шала берсін» деп, кез кел-

ген уақытты бұл істі атқаруға болатынын білдірген.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «

Әрбір

сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші күні ол үшін

құрбандық шалынып, шашы алынады және аты

қойылады

» деген. Бұл хадистегі «тұсауланған» деген

сөзді ғалымдар әрқалай жорамалдаған. Мысалы, имам

Ахмад «Егер де бала ақиқасы шалынбаған күйде қайтыс

болса, арғы дүниеде ол өз ата-анасына шапағатшы

бола алмайды, яғни оның жақсылық жасайтын тұсауы

кесілмеген» деген мазмұндағы пікірін алға тартады.

Қазақ халқының «тұсау кесер» деген салты да әу баста

осындай жақсылық жасаудағы тұсауын кесу дегеннен

туындаған деп ойлаймыз.

Ендігі бір топ ғалымдар «ақиқамен тұсауланған»

дегенді «туылған сәби жамандықтан, кесір-кесапаттан,

бәле-жаладан немесе Ібіліс шайтаннан ақиқасымен

қорғанады» деп түсіндірген.

Ақиқаны сойып жатқанда немесе етін жеп жатқанда,

оның сүйектерін майдаламау, сындырмау жағы да