114
Ана сүті және емізу
Туылған баланы толық екі жыл емізу ананың негізгі
міндеттерінің бірі. Шарананың ана құрсағындағы азығы
туылған соң, ана сүтімен жалғасын табады. Құрсақ
өміріндегі бала өмірі қандай ғажап болса, ана сүтінің
де кереметі сондай үлкен. Құранда: «
Аналар сәбилерін
толық екі жыл емізсін
» деген бұйрық бар («Бақара»
сүресі, 233-аят). Оған қоса, ардақты Пайғамбарымыз
өзінің екі жасқа толмай шетінеген баласы туралы былай
дегені бар: «Жұмақта оның сүт анасы бар. Екі жылға
толмаған жерін сол емізіп толтырады». Толық екі
жыл емізудің қаншалықты маңызды екенін осыдан-ақ
байқай беріңіз. Ана сүті баланың етіне еніп, сүйегіне
сіңеді. Кезінде Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Ана сүтімен
біткен мінез сүйекпен кетеді» деп бекер айтпаса керек.
Ана сүті баланың денсаулығына, тәрбиесіне, мінез-
құлқына, қысқасы, бүкіл өміріне әсер етеді. Сондықтан
бала емізетін ананың мінезі қаншалықты көркем бол-
са, баланың да адамшылығы мен әдебі, ақыл-санасы
соншалықты жоғары болады. Хадис кітаптарында
сүйікті Пайғамбарымыздың: «Сүтпен бірге ұқсау әрекеті
де жүреді» деген хадисі келтіріледі. Сондай-ақ Алла
елшісі (с.ғ.с.) балаға ақыл-есі кем әйелді сүт ана етуге
болмайтынын да ескерткен. Міне, осы саладағы аят-
хадистердің бәрін жинақтай келе мұсылман ғұламалары
мынадай қағида шығарған: «Ему кезеңінде берілген
ана сүті адам табиғаты мен мінез-құлқын өзгертеді».
Егер де ананың ішіп-жеп жүргені адал болмаса, оны
емген бала да келешекте ата-анасын қуандыратындай