Previous Page  119 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 192 Next Page
Page Background

119

Бала болашағымыз

ұмытпауға тиіспіз. Құранда баланың сүт ему уақыты

толық екі жыл деп көрсетілген. Бұл жерде ескерілетін

нәрсе – сүт емізетін ананың әрбір әрекеті бала тәрбиесіне

әсер етеді. Шешесінің өз сәбиін мейірлене құшағына

басуының өзі тәрбие саналады. Өйткені бұл арқылы

емізулі бала нәресте шағынан-ақ мейірім деген ұғымды

түсінеді. Бұл оның кейін өзі де мейірімді, жұмсақ мінезді

болып өсуіне септігін тигізеді. Олай болса, баланың

иманды, зерек, еңбекқор, жәрдемсүйгіш, кісі ақысын

жемейтін адал болып өсуіне ана сүтінің әсері мол. Әйгілі

ойшыл Жүсіп Баласағұн «Сүтпен біткен мінез сүйекпен

кетеді» деген аталы сөз қалдырған. Ал Зере әжеміздің

ұлы Абайды, әкесі Құнанбайды дәретсіз емізбегені

жайлы да көп айтылып жүр. Ендеше, Абайдың Абай

болуына мұның да септігі тимеді деп айта алмаймыз.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Жас кезде берілген

тәрбие тасқа қашалған жазумен тең, жасы ұлғайған

кісіні тәрбиелеу құмға сіңген сумен тең», – делінген.

Міне, осы нәрсе ата-ана есінен шықпауы керек.