121
Бала болашағымыз
екінің бірі өтірікті беті шімірікпей айта салады» де-
ген сияқты пікірлерді есітіп қаламыз. Бұл, әрине, қате
тұжырым деп есептейміз. Оның қателігін Құрандағы
мына бір аят дәлелдеп береді: «
Жүзіңді хақ дінге
бұр. Алла тағала адамдарды хақ дінде жаратқан.
Алланың жаратқанында өзгеріс болмайды. Міне,
осы тұп-тура дін
» ( Рум сүресі,30 ).
Жалпы, мінез екі түрлі болады: көркем мінез
және нашар мінез. Перзенттерімізді көркем мінезге
тәрбиелеуіміз қажет.
Балаға ең алдымен қай қасиетті үйреткен абзал? Бұл
жағынан ең бірінші ұсынылатын қасиет – мейірімділік.
Өйткені Алла тағала Құран кәрімнің беташары сана-
латын «Фатиха» сүресінде «Ар-рахманир-рахим», ең
алдымен, Өзінің мейірімділігін айтады. Сондықтан
адамның ең алғаш үйренуі тиіс қасиет – мейірімді болу
деп тұжырым жасаймыз. Бұл мінезді дамыту үшін күн
сайын балаға ата-аналық мейірім көрсетуіміз қажет.
Баланы таңертең ояту кезінде де ата-ана баласына
ерекше мейрімін төккені жән. Үлкен кісілер көп айта-
тын «қарағым», «шырағым», «айналайын», «күнім»,
«алтыным» деген секілді жылы сөздердің бәрі бір
жағынан мейіріммен байланысты. Бетінен сүю, ерке-
лету, мәпелеу – балаға бір күнге қажетті мейірім қуатын
беруге жететіндей мөлшерде болуға тиіс. Сол қуатты
бала өз бойында дамытып, өзі де бірте-бірте айналасына
мейірімділік шуағын төгіп жүруді үйренеді.
Үйден мейірім қуатын алып шыққан бала мектепке
барған соң ешкіммен ұрыс-төбелес жасамайды. Жасы
үлкен балалар жасы кішілерге әлімжеттік жасамайды.
Мұғалімдеріне сөз қайтарып, салғыласып отырмайды.