127
Бала болашағымыз
Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) жер бетінің ең
ардақты тұлғасы бола тұра, өте қарапайым еді. Тіпті
бірде балаларға көңіл бөлгені сонша – жүгіруден жа-
рысып ойнап жүрген балалармен бірге өзі де жүгірген
еді. Осылайша жас балалардың да нәзік жүректеріне
жол табатын.
Бала кезде куә болған сахабалардың ең көп ай-
татын тақырыптарының бірі – Пайғамбарымыздың
балаларға деген мейірімі еді. Олардың бірі сүйікті
Пайғамбарымыздың жылы жүзін, тәтті сөзін, балаға
деген ілтипатын еске алса, енді бір тобы Алла елшісінің
мейірімге толы өзге істерін баян етеді.
Мысалы, сахабалардың айтуынша, Алла елшісі
(с.ғ.с.) балаларды «менің балам», «өзгенің баласы»
деп бөліп жармайтын. Усамә ибн Зәйд (Алла одан
разы болсын) Пайғамбарымыздың мейірімін былай деп
есіне алады: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) мені бір тізесіне,
немересі Хасанды екінші тізесіне отырғызып, бауы-
рына басатын, содан соң: «Уа, Раббым, бұл балаларды
мейіріміңе ал, мен оларды өте қатты жақсы көремін»
деп дұға жасайтын.
Ал Рабия ибн Харистың естелігі мынадай: «Бір
күні әкем мені және Аббастың ұлы Фадылды Алла
елшісіне жіберді. Біз оның құзырына кірген кезде ол
бізді құшағына қатты қысқаны сонша – бұрын-соңды
ондай ыстық құшақты көрмегенмін».
Пайғамбарымыз балаларды дініне қарап та алала-
майтын. Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Иудейлердің бір
баласы Алла елшісіне қызмет ететін. Бір күні сол бала
ауырып қалды. Расулулла (с.ғ.с.) оның көңілін сұрап
барды. Келді де: «Балам, сен мұсылман бол!» деді.
Қасында тұрған баланың әкесі: «Әбілқасымға бағын,