125
Бала болашағымыз
«
Уа, Алла тағалам, маған олардың тәрбиесі мен
әдебі және оларға жақсылық жағынан маған жәрдем
бер! Және мұны мен үшін де, олар үшін де қайырлы
ете гөр!
» деп дұға еткен. Олай болса, балаларымыздан:
«Ата-анаң саған мынаны-мынаны үйретті ме?» – деп
сұралады. Сол шақта жерге қарап қалмаудың қамын
осы дүниеде жасауымыз керек. Сөздің соңын мына бір
оқиғамен байланыстырайық:
Алла елшісі өмірінің соңғы күндерінде жамағатты
жинап қоштасу құтбасын айтты. Сонда олардан: «Ертең
сіздерден мен жайлы сұрайды. Не айтасыздар? Мен
Алланың дінін сіздерге жеткізе алдым ба, тиісінше
түсіндіре алдым ба?» деп сұрады. Тұс-тұстан «Әрине,
біз барлығымыз да бірауыздан сенің өз міндетіңді абы-
роймен атқарғаныңа куәлік етеміз» деген дауыстар
естіліп жатты. Пайғамбарымыздың нұрлы жүзінен
көңілінің орныққаны байқалғандай болды. Ол сұқ
саусағын аспанға көтеріп «Аллаһ тағалам, куә бол!
Аллаһ тағалам, куә бол! Аллаһ тағалам, куә бол!» деп
үш рет қайталады.
Мінеки, Алла елшісі бүкіл жамағаттан өз міндеті
жайлы сұрап отыр. Ал біз енді тым болмаса, өз
перзенттерімізге қатысты міндеттерімізді орындап
жүрміз бе? Үлкен уайымымыздың бірі осы болуы
тиіс.