123
Балаларды неге баулыған жөн?
Егер ата-ана баласын имансыз, ибасыз, дөрекі,
әдептен ада етіп өсірген болса, өз жеке басының ал-
дында, содан соң халқының, елінің жұртының алдын-
да және бәрінен қиыны Ұлы Алла тағаланың алдында
жауап береді.
Адамзат баласының төресі пайғамбарымыздың
Мұхаммед (с.ғ.с.) алтыннан қымбат хадистерінің бірінде
былай делінеді:
ًحَقُ الوَلَدِ عَلَى وَالِدِهِ أن يُعلِّمَه الكِتَابة ، والسِّبَاحَة ،
والرِّمَايَة ، وأنْ ل يَرزُقَه إلَ طَيِّبا
«Ә
кесі баласына жазуды, жүзуді, садақ атуды
үйретуге және оны тек қана адал тағаммен асырауға
міндетті
».
Бұл хадисті бүгінгі дәуір тұрғысынан қарастыратын
болсақ, мынадай тұжырымдарға келуімізге болады:
жазуды үйрету дегенді Құранды үйрету, дінді үйрету,
кітап оқуды үйрету деп ұғынған жөн. Бұл, мұсылман
адам жан-жақты сауатты болуы керек дегенді білдіреді.
Қазіргі кезде балалар Құранды оқып үйренуді былай
қойғанда, руханиятты байытатын жай әдебиеттердің өзін
оқымайтын күйге душар болды. Демек, ата-аналар бұл
іске селқостық, немкеттілік танытуда деген сөз. Жүзуді
үйрету мәселесін бүгінгі заманмен астарластыратын
болсақ, баланың келешегі үшін қажетті спорт түрлеріне
баулу деп ұғынуымыз керек. Күрес, атқа міну, футбол,
жүгіру секілді спорт түрлері баланың тәні сау болып