Previous Page  129 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 192 Next Page
Page Background

129

Балаларға көркем мінез

негіздерін үйрету

Кімде-кім бала-шағасына жақсылық үйретсе, өзі де

кейін балаларының құрмет-сыйына бөленері сөзсіз. Тіпті

дүниеден озып, марқұм болып кеткен күнде де, артынан

Құран оқып, дұға жасайтын да сол өзі тәрбиелеген ізгі

ұрпағы болмақ. Ал баланы дұрыс тәрбиелемеу немесе

мүлдем тәрбиесіз қалдырып қою ата-ананы бұл дүниеде

де, арғы өмірде де көп қиындықтарға душар етеді. Өз

бетімен жүріп, көшеден үйренген түрлі әрекеттерімен

бейшара ата-ананы бір емес, мың рет жылатады деген

қауіп те жоқ емес.

Ал мұсылмандық тәрбие көрген бала әке-шешесін

еш уақытта ренжітпейді. Оларға қашан да сыпайы

сөйлеп, жылы шырай сыйлайды. Айтқандарын екі ет-

пей, жылдам орындайды. Шариғат тәртібі бойынша,

олар отырған бөлмеге рұқсат сұрап кіреді. Дастархан

басында олардан бұрын асқа қол созбайды. Ардақты

ата-анасына орынсыз кінә тағып, жөнсіз жазғырмайды.

Өзін аялап, әлпештеп өсірген ата-анасын жылатып-

сықтатып қарттар үйіне өткізбейді. Ең бастысы, Алла

тағаладан олар үшін көп кешірім, рахым тілеп, дұға

жасайтын болады.

Ал мұсылмандықты дұрыс үйренген балалар

туған-туыс, ағайындарымен, көршілерімен, мұғалім,

ұстаздарымен дұрыс қарым-қатынас жасауды өмірлік

ереже етіп ұстанады. Дос-жарандарына да ізгілік нұрын

төге жүреді. Тұла бойынан жақсылық сәулесі шашылған

мұндай балаларды көрген көз қуанады. Қасиетті