Previous Page  126 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 192 Next Page
Page Background

126

Ардақты пайғамбарымыздың

балаларға мейірімі

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) барша

адамзатқа үлгі болған мейірімі мен мүминдерге деген

еміренгіш сезімі балаларға деген сүйіспеншілігінен де

анық байқалатын. Негізінде, балаларға жылы шырай

танытып, қайырыммен қарау тек тәрбие ісіне ғана пай-

далы болумен шектелмейді. Жүректерді жұмсартуға да

мейірімді болудың тигізер септігі мол.

Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан үйде де,

көшеде де, мектеп пен мешіттерде де, қысқасы, бала-

лар жүретін барлық жерде оларға барынша мол мейірім

көрсетілуге тиіс.

Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз балалары

мен немерелеріне қалай мейірім танытса, саңлақ

сахабаларының ұл-қыздарын да дәл солай еркелетіп,

құшағына басқан. Оның қасында бір сәби жылай қалса,

Пайғамбарымыз дереу оларды жұбатуға асығатын. Ба-

лалармен өзі ойнайтын, әрі үмбетіне де: «Баласы барлар

баласымен бала болып ойнасын» деп өсиет қалдырған.

Кей кейде балаларды түйесіне де мінгізіп алатын. Енді

бірде жерден көтеріп алып, бауырына басатын. Ата-

анасынан айырылған көңілі қаяу балаларды көрсе,

олардың көңілін аулап, бастарын сипап, маңдайларынан

иіскеп, қуандыратын. Жас қой демей балаларға өзі

сәлем беретін. Ауырып қалғандардың көңілін сұрап

баратын. Балалар мен өзінің арасына бөгет болатын

істерден аулақ тұратын.