Previous Page  117 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 192 Next Page
Page Background

117

Баланың нәресте шағындағы тәрбие

Мұсылман дінінде бала тәрбиесі жақсы жар

таңдаудан басталатыны, ақ неке қиылған соң ізгі ұрпақ

тілеп дұға етудің маңызы, сондай-ақ ананың жүктілік

кезеңінде қандай нәрселерге мән беруі керектігі аз-кем

сөз болды. Ал енді бала туылғаннан кейін не істеу ке-

рек? Баланы ислами дәстүр бойынша қалай тәрбиелеу

керек? Сол жайында азырақ сөз қозғамақпыз.

Жалпы, Ислам дінінде баланың ата-ана алдындағы

міндеті болатыны сияқты, баланың алдында ата-ананың

да бірқатар атқаратын міндеттері болады. Алла тағала

балаға жақсылық жасауды ата-ана мойнына аманат

еткен. Ал дінімізде ешбір аманатқа қиянат жасауға

болмайтындығы анық. Олай болса, нәресте дүниеге

келісімен, оны мұсылман етіп тәрбиелеуге қатысты

міндеттерімізді атқаруға кірісуіміз керек.

Ең бірінші міндетіміз – балаға азан шақырып жақсы

ат қою.Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде

бұл жайлы:

«Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және

әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса

балаға әдемі есім қойыңдар»,

– делінген.

Ат қоюды бала туылған күні немесе жетінші

күні атқаруға болады. Қиямет күні адамдар өз атта-

ры және әкелерінің атымен шақырылатындықтан,

есімді дінімізбен байланыстырып қойған дұрыс. Мы-

салы, Алла тағаланың 99 есіміне абд (құлы) деген

сөзді қосып, Абдулла, Абдурахман, Абдурахим, Аб-

дусамат деген секілді етіп қоюға болады. Сондай-ақ

ұлдарына Ибраһим, Ілияс, Дәуіт, Сүлеймен, Ыдырыс,