Previous Page  115 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 192 Next Page
Page Background

115

Бала болашағымыз

болып шықпайды. Ертеде имам Әбу Мухаммад әл-

Жүуәйни деген ғалым өткен. Сол имам бір күні үйіне

келсе, баласын басқа бір әйел емізіп отырады. Дереу,

баланы жұлып алып, басын төмен қаратып, аузына

саусағын салып, ішіп қысып, әйтеуір баланың ішкен

сүтін құстырады. Содан соң: «Бала қанша қиналса да,

бөтен анаға еміздіріп, қалыптасып жатқан мінез-құлқын

бүлдіруге болмайды» деп істеген ісіне жауап береді.

Сол бала кейін имам Әбул Мәъали деген әйгілі ғалым

болады. Ол ер жетіп, уағыз немесе пікір талас жасап

тұрғанда, тілі күрмелетін болса, әкесі соны баяғы сүттің

қалдығы болса керек» деп жориды екен.

Бір кісілер имам Мәликтен «Баланы христиан

әйелдің емізгеніне қалай қарайсыз?» деп сұрапты. Сон-

да имам: «Жоқ, болмайды. Өйткені олар арақ ішеді.

Доңыздың етін жейді. Балаға да солар әсер етеді деп

қорқамын» деп жауап қайырады.

Бұл айтылғандар ана сүтінің адам тәрбиесіне

қатысты жағы. Ал оның дене бітімге, денсаулыққа

әсері өз алдына бөлек әңгіме. Мысалы, ана сүтінің

құрамы баланың қажеттілігіне қарай өзгеріп отыраты-

нын бүгінгі ғылым дәлелдеген. Ана сүті таза болады,

пәк болады. Мұздай да емес, ыстық та емес, ұнамды

болады. Кез келген уақытта ана омырауында дайын

тұрады. Еметін сәбидің асқазанына лайық келеді. Өсіп

келе жатқан нәрестеге қандай витамин керек болса, бәрі

де ана сүтінен табылады. Микроптарды өлтіретін имму-

нитет те осы ақ сүттен табылады. Тағы бір ерекшелігі,

ана сүті баланы да, ананы да семіздік ауруына душар

етпейді. Осының бәрін ескерген мұсылман ғұламасы

ибн Сина емізу жайлы былай деген: «Балаға мүмкіндігі

барынша өз анасының сүті берілуге тиіс. Өйткені ана