116
Жанұя жарасымы
омырауындағы сүтте зиянды нәрсені кетіру тұрғысынан
өте үлкен пайда бар». Бұл аталғандардың бірін де
химиялық қоспалармен әзірленген жасанды сүттерден
таба алмасымыз хақ. Ендеше, бұл айтылғандар түрім
өзгереді, дене бітімім бұзылады деген сылтаумен бала
емізуден қашып жүргендердің құлағына алтын сырға
деген ойдамыз.
Емізуші әйелдерге мемлекеттік демалыс берудің
негізі де Ислам дінінде жатыр. Түндердің бірінде хали-
фа Омар бір үйдің сыртынан жылаған баланың дауысын
естиді. Анасына барып: «Балаңды еміз» деп бұйырады.
Сонда әйел: «Мүминдердің билеушісі баланың емшек-
тен шыққанына дейін жәрдемақы бөлмейді. Содан соң
оны емшектен шығарып қойғанмын дейді». Сонда
хазірет Омардың көзіне жас іркіліп: «Баланы өлтіруге
сәл қалыппын ғой. Еміз, еміз. Ақша бөлінеді» деп
шығып кетеді. Содан кейін әр бала үшін туылған күнінен
емізілетін мерзіміне дейін мемлекеттік қазынадан
қаражат бөлдіреді.
Ана да бала емізгенде ниетін Алла разылығына бай-
лауы керек. Ибн Омар бала емізіп отырған әйеліне бы-
лай деген: «Сенің бала емізгенің жануарлардың төлдерін
емізгеніндей болып жүрмесін. Алладан сауабын күтіп,
мейіріммен, жылылықпен еміз. Сенің сүтіңмен баланың
мінезі тіріледі. Сонда баламыз Аллаға жақсы құл бола-
ды». Осындайда баласын дәретсіз емізбеген Зере әжелер
қандай дана болған деп тамсанамыз.
Алла тағала емізулі аналар мен балаларға мықты
иман мен денсаулық берсін.