Previous Page  107 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 192 Next Page
Page Background

107

Бала болашағымыз

әйтеуір бір бұйырғаны болар деп немқұрайлы қарауға

болмайды. Керісінше, ұл-қызымыз біз үшін мәңгі

қуаныш болатындай, артымыздан Құран бағыштап

тұратындай нағыз мұсылман етіп тәрбиелеуіміз керек.

Ал енді ертең балаларымыз Абай айтқандай сәнқой,

даңқой, ойнасшы, керім-кербез, маскүнем боп жатса,

онда солай өсірген өзімізден өзге ешкімге де өкпелеудің

жөні жоқ деп ойлаймын.

Иә, кейде ата-аналар балам қызық емес, күйік болды,

туылғанда бір рет қуантып еді, енді артынан мың жы-

латты деп жатады. Міне, дәл осылай өзегімізді өртейтін

өкінішке қалмау үшін бала тәрбиесіне туылмай жатып

көңіл бөлу шарт. Баланың анасына мұсылмандықты

ұстануды, намазын үзбеуді, Құран оқуды, тек адал ас

ішіп-жеуді, т.б. тапсыруымыз керек.