Previous Page  98 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 192 Next Page
Page Background

98

Жанұя жарасымы

Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

деген өсиеті көпке мәлім. Жастардың тәлім-тәрбиесі

бесік жастан басталады дегені. Абай хәкімнің де бес

асыл іс, бес дұшпан дегендерді қозғауы осы тәрбиеге

байланысты. Халықтың ауыз әдебиетінде де отбасында

көрген тәрбиеге байланысты «

Ұяда не көрсе, ұшқанда

соны ілесің

» деген сияқты көптеген өнегелі сөздер бар.

Бұл бала үшін әке-шешенің әрбір іс-әрекеті маңызды

дегенді білдіреді. Алайда тәрбиенің керектігін білу бар

да, оны жүзеге асыру бар. Тәрбиеге ерекше ден қойып,

нәтижелі жұмыс жүргізу үшін бұл мәселенің діни міндет

екендігін түсінудің маңызы зор.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің

бірінде былай деген:

«كلكم راع وكلكم مسؤول عن رعيته».

«Сендердің әрқайсысың бақташысыңдар және

әрқайсың өз қол астындағыларға жауаптысыңдар». Де-

мек, әрбір ата-ана перзенті үшін жауапты. Ертең Қиямет

күнінде баланың дұрыс мұсылмандық тәрбиесі жай-

лы міндетті түрде сұралады. Олардың жүріс-тұрысы,

қылығы, діні, намазы, ораза, зекеті – бәрі де ата-анадан

сұралады. Осыған көп мән беруге тиіспіз.

Енді тәрбиені қай уақыттан бастаған дұрыс? Қазір

этнопедагогикада айтылып жүргені белгілі. Баяғыда

бір данышпанға ерлі-зайыпты келіп: «Баламыз бір

жасқа толды. тәрбиесін қай уақыттан бастайық?» деп

сұрағанда, оның: «Бір жыл кешіккен екенсіңдер» деп

жауап бергені белгілі. Бұл бала тәрбиесі ол шыр етіп

дүниеге келісімен-ақ басталады дегенді білдіреді.

Алайда Ислам дінінде мәселе одан да тереңірек

қолға алынған. Ислам ілімінде бала тәрбиесі ер