Previous Page  96 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 192 Next Page
Page Background

96

Жанұя жарасымы

таса, оған соңынан ерушілерді күнәсіндай күнә жазы-

лады, Одан бір де бір нәрсе кемітілмейді

».

Олай болса, балалар әкесінен темекі шегу, арсыз

киноларды көру, біреуді алдау секілді қылықтарды

үйренсе, онда сол күнәлар әкеге баласына жазылғандай

көлемде жазылады.

Иә, ертең Қиямет күні болғанда, алдымен бала емес,

баласыжайлы әке сұралады. Сондықтан бала-шағамызды

еш уақытта қараусыз, назарсыз қалдырмауымыз ке-

рек. Ата-ана ұл-қызының қандай ауамен тыныс алып

жүргеніне дейін өзінің бес саусағындай білуге тиіс.

Бұл бір. Екіншіден, перзенттерімізге Ислам дінінің

негіздерін жастайынан үйретуіміз керек. Ол үшін ал-

дымен ата-ананың өзі дін мен дінсіздіктің, иман мен

имансыздықтың, бұл дүние мен арғы әлемнің парқын

ажырата білетіндей сауатты болуға тиіс. Дініміз ер-әйел

мұсылмандарға ғылым ізденуді парыз етуінде мән бар.

Ата-ана көп ізденуі тиіс. «Жүрегім таза, ешкімнің ала

жібін аттап жүрген жоқпынмен» көп мәселе шешіле

қоймайды. Бүгін біз осылай ойлап жайбарақат отырсақ,

ертең өзге біреулер келіп біздің ала жібімізді аттауы

мүмкін. «Байығың келсе, дін ойлап тап» деген саясат-

ты ұстанып жүргендер бүгінде аз емес. Ағылшын тілін

үйретем, компьютер үйретем, «таза дін» үйретем деп

жүріп, перзенттерімізді көрінген көк атты келіп өз тобы-

на тартып әкетіп жатса, бармағымызды шайнайтын кез

сонда. Бірақ ол кезде кеш болады. Өйткені жастардың

жүрегіне жазылған нәрсе тасқа қашалған жазумен тең.

Оны тек сындырып қана өшіруге болады. Сондықтан ұл-

қыздарымыздың жүрегіне ең бірінші діни жазуды ата-

анасы жазуға тиіс. Сонда ғана ол баланың келешегінен

үміт етуімізге болады.