

99
Бала болашағымыз
азаматтың жақсы жар таңдауынан басталады. Өйткені
Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.)
бір хадисінде:
«Үйленіңдер,
көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің көптігімен
мақтанамын»
деп, үмбетіне отбасы құруды және ұрпақ
өрбітіп, өріс кеңейтуді насихаттайды. Бір қарағанда, бұл
хадисте тәрбиеге қатысты ештеңе байқалмауы мүмкін.
Бірақ Қиямет күнінде Пайғамбарымызды қуантуға жа-
райтын бала көп тәрбиені қажет етеді. «Үйленіңдер»
деген мен «көбейіңдер» дегенің арасында осындай нәзік
мәселе жатыр. Хадистің мәнін түсіндірген ғалымдар
осындай пікір де білдірген. Демек, мұнда үйленетін
адам тәрбиелі ұрпақ өсіре алатын әйелді таңдасын де-
ген де мән бар. Сондықтан, ардақты Елші (с.ғ.с.) бір
хадисінде былай деген: «
Үйленетін жан әйелдің төрт
түрлі қасиетіне мән береді: дүниесі, тектілігі, әдемілігі
және діндарлығы. Діндарын таңдаған адам бақытқа
кенеледі
». Мұнда иманды жар таңдаудың маңызы анық
білдірілген. Қазақтың «
Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер
» деген мақалы да бір кездері осы
хадистен алынса керек.
Екінші халифа хазірет Омар (р.а.) ел басқарып
тұрған кезінде бір кісі келіп баласының қылықтарына
көңілі толмайтынын айтады. Сөзін тыңдамай, қит
етсе өзіне қарсы шығып, сөз қайтаратынын айтып
шағымданады. Халифа баланы шақыртып, бұның
себебін сұрайды. Сонда бала: «
Уа, мұсылмандардың
әміршісі, әкенің бала алдында ешқандай міндеті жоқ
па?
» – деп сұрайды. «Әрине, бар», – деген халифа Омар
ол міндеттерді былай деп тізбектейді: «
Әке ең алдымен
болашақ ұрпағына ары таза, мінез-құлқы жақсы ана
таңдауы керек (яғни сондай әйелді жар етуі қажет).