84
Жанұя жарасымы
күнде көріп жүрген асқар-асқар тауларды адам
жүрегімен салыстыруға да мүмкіндік береді. Енді
ойланып көрейікші, тастан жаралған қатпарлы қалың
тау көтере алмас батпан салмақ адам баласының
жұдырықтай жүрегіне тапсырылып отыр.
Сахабалардың білдіруінше, уахи түсіп жатқан сәтте
Алла елшісінің (с.ғ.с.) ажары қатты өзгеріп, жаны мен
тәні алабөтен сипат алатын. Уахидың түсірілуі мен
оны қабылдаудың негізгі ақиқаты бізге белгісіз. Оны
толық сипаттауға мұршамыз жетпесі хақ. Дегенмен де
сүйікті Пайғамбарымыздың өңін соншалықты өзгертіп
жіберетін Құранның жеңіл нәрсе емес екені анық.
Сондықтан кейде Құран оқып отырып, өксігін
баса алмай жылайтындарды көріп, есітіп қаламыз.
Олардың көңілін босатып, буынын жібітетін не дейсіз
ғой? Ол – Құран кәрім аманатының осы ауырлығы.
Ал енді бір қызығы сол – қаншалықты қиын болса да,
әлемнің әр бұрышындағы мұсылмандар бұл кітапты
толығымен жаттап алуға, жүрегіне толық құйып алуға
ықылас танытады. Африка мен Азияның түрлі ұлттары,
Еуропаның қаншама мұсылмандары бұл кітапты жа-
дында сақтауға көңіл қойып отыр. Мұны кездейсоқтық
деп қарай аламыз ба? Тіпті, араб тіліндегі бірауыз сөздің
мағынасын түсінбейтіндер де бұл іске тереңдеп ден
қоюы таң қалдырады. Міне, бұл қасиетті кітабымыздың
кереметтігінен, қасиеттілігінен. Шариғатымызда Кәләм
шәрифты жаттау былай тұрсын, оқудың өзі құлшылық
саналатынына не дейсіз? Адамзат баласының ең ардақты
тұлғасы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген
хадистері осыған шақырады. Мәселен, бір хадисте бы-
лай делінеді: «Кімде кім Құраннан бір әріп оқыса, оған