172
Жанұя жарасымы
жағдай орнайды. Біреулер бұл іске аспайтын нәрсе
ғой, бір адам осының бәріне қалайша жақсылық жа-
сайды деп ойлауы да мүмкін. Әсте, олай емес. Тарихта
мұсылмандықтың осы талаптарын орындап өткен елдер
аз болмаған. Солардың бірі біздің қазақ. Естеріңізде
болса, кешеге дейін ата-ана ақысы, үлкенге құрмет,
кішіге ізет, көршімен сыйласу, дос-жаранға адалдық де-
ген қасиеттер біздің ұлттық болмысымыз болып келді.
«Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен, адамзат бір-біріне
қонақ екен» деген қара өлеңді аузынан тастамай ай-
тып келген елміз. Халықтық тәрбиеде де осы жағы өте
көп қарастырылған. Мысалы, ауылда бір кісі ас беретін
болса, бір баланы бүкіл үйлердің үлкендерін шақыртуға
жүгіртіп жіберетін. Оның осы көше-көшені аралап
жүріп, асқа адам шақыруының өзі тәрбие. Өйткені ол
алдымен барған үйінің иелерімен жүз көріседі, аманда-
сады, жағдай сұрасады. Сөйтіп, бірте-бірте көршілерінің
бәрімен туған туысындай жақын болып кетеді. Асқа
келген қонақтардың қолына су құюдың өзін қараңызшы.
Қандай ғажап салт! Үлкендердің «Көп жаса», «Өркенің
өссін», «Молда бол» деген секілді батасын алады. Енді
ойлаңызшы, күнделікті тіршілігі осындай болып өтіп
жатқан ел жаман болуы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Міне,
мұның бәрі адамдардың арасын біріктіретін, өзара
құрмет, сүйіспеншіліктерін арттыратын аса құнды салт-
тар. Ендеше, баланы көпшіл етіп келген ата-ана оған
ең алдымен дінін, тілін және ұлттық салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптарды үйретіп отыруы керек. Өйткені қоғамшыл
болудың жалғыз ғана жолы бар. Ол қоғаммен біте-
қайнасып өмір сүру. Бір үйден шықпай отырып, көпшіл
бола алмаймыз. Сондықтан бұрынғы ақсақалдар бала-
сын немесе немересін ертіп жүрген. Бұл да олардың