Previous Page  14 / 20 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 20 Next Page
Page Background

q

q

14

Жиһад деген не?

ғана адамның құқы – жалпы қоғамның құқындай

қымбат.

Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апа-

ратын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.

Лаңкестік әрекеттер арқылыешбір қиындық қазірге

дейін шешілмеді, мұнан кейін де шешілмек емес.

Барлық лаңкестік әрекеттер – ислам үшін жасалған

күрес емес, керісінше, исламға қарсы жасалған

қиянат.

Кейінгі кезде Ислам мен лаңкестіктің бірге аталуы

– тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары

үшін таптырмайтын олжа болды. Сондықтан

қандай қиын жағдайға душар болса да исламның,

мұсылманшылықтың атына кір келтіретін лаңкестік

әрекеттерден мұсылмандар аулақ болуы керек.

Себебі, белгілі бір жағдайлар, дағдарыстар мен саяси

ойындар күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже-

қағидалары мәңгілік. Өтпелі жағдайлармен діннің

атына кір келтіруге болмайды.

Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс,

лаңкестік әрекеттерді ислам дініне жабу кең етек

алды. Алайда солардың барлығын істеп жатқан

мұсылмандар ма? Бұған

«иә»

деп жауап беру, әрине,

қиын. Мұсылмандықты бет-перде етіп, лаңкестік

әрекеттерге барып жатқандар кімдер? Кей жағдайда

олардың қатарында соғыстарда әке-шешесінен,

туған-туыстарынан айырылған, немесе басқа да ру-

хани күйзелістерге түскен адамдар да болады. Ондай

адамдар ішкі ыза-кек пен күйіктің салдарынан барлық

іске баруы мүмкін. Мұндай адамдар психологиялық

тұрғыдан алғанда діннің рұқсат етпеген нәрселерін де

жасауға бейім тұрады. Өздерінің істеріне шариғаттан

әлсіз болса да негіз іздей бастайды. Не болмаса,

кейбіреулердің ойыншығына айналып, бопсалау