q
q
19
Жиһад деген не?
парасаттың таяздылығы. Білім мен дін – бір-бірін
толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақ болса,
ғылымсыз дін соқырға тең. Сондықтан мұсылмандар
үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім
деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа тех-
нологияны ойлап табуды былай қойғанның өзінде,
өзгелердің технологиясын да сауатты қолдана ал-
маулары. Осының бәрі – мұсылмандардың дамымай
артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше, бүгінгі
таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан
гөрі ғылымға сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде:
«Махшар күні соғыста аққан шейіт қаны мен
ғылымға жұмсалған ғалымдардың сиясы таразыға
тартылған сәтте ғалымдардың сиясы басым
түседі»,
– делінеді.
Қазіргі өмір талабына сай озық құралдармен
жабдықталған білім ордаларын ашып, ол жер-
де сауатты білім беру, үлкен зертханалар құрып,
ғылыми жаңалықтар ашу, қысқасы, жүректері діни
тағлыммен тәрбиеленген, ұлттық құндылықтармен
нәрленген ақыл-ойлары қазіргі озық ғылыммен
сусындаған еңсесі биік ұрпақ жетілдіру – қазіргі
мұсылмандардың кезек күттірмей іске асыратын ең
үлкен жиһады болмақ. Бұл жолда қолымыздағы бар
мүмкіншілігімізді сарп етуі ләзім. Бай байлығын,
мұғалімбілімін, тәрбиеші тәлім-тәрбиесінберсе, лауа-
зымдыорындықта отырған кісілер де қолдарынан кел-
ген барлық қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып
әркім өз үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла
разылығы үшін атқарса, сонда ғана мұсылмандар өз
қиындықтарынсауаттышешеалады.Әлдебіреулердің