q
q
13
Жиһад деген не?
көзінше пышағын қайраған сахабасына Аллатың
соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) қатты кейіп:
«Сен
малды неше рет өлтірмексің? Пышағыңды малды
жатқызбас бұрын қайрамадың ба?»
10
, – деп ескер-
ту жасаса, басқа бір хадисінде:
«Қаруды қалжыңдап
болса да өзгеге кезенбе!»
деп, адамды өлтіру былай
тұрсын, өзгенің көңіліне аз да болса үрей салудың
өзі исламға, шынайы мұсылманға жат әрекет екенін
түсіндірген.
Беліне түрлі жарылғыш байлап, өзгелердің жанын
қию үшін өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін
«шейітпіз»
деп есептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә
жандарды өлтірумен келетін оңай нәрсе емес.
Өз-өзіңді өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда: ْ
وَلَ تَقْتُلُواْ أَنفُسَكُم
«Өздеріңе
өздерің
қол
жұмсамаңдар!»
11
делінген.
Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан, әрі оны
түсіндіруші
соңғы
пайғамбар
Мұхаммедтен
(с.ғ.с.) үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық
қағидаларының қайнар көзі саналған Құран мен
Пайғамбарымыздың өмірінде өзіне қол жұмсап,
бейкүнә жандарды қыру бар ма? Тіпті, соғыс
жағдайында да соғысқа қатыспаған адамдарды өлтіру
– дінімізде харам саналып жатса, жай уақытта күнде
құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген бейбіт
жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай
ауыр күнә екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамның пайдасы үшін болса да, исламда
қандай да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Бір
10
әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.
11
«Ниса» сүресі, 29-аят.