q
q
8
Жиһад деген не?
сатуға жіберді. Мұсылмандар бұлардың бәрінен ха-
бардар еді. Енді олар Мәдина қаласының маңайынан
өтіп бара жатқан мүшіріктердің керуенінен өздерінің
мал-мүліктерін қайтарып алуды ниет етті. Алай-
да Меккедегі мүшіріктер бұдан хабардар болып,
мұсылмандарға қарсы үлкен әскер жіберді. Яғни,
мұсылмандардың ниеттері соғыс емес, өздерінің
талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу бола-
тын. Бірақ мүшіріктер соғысты қалады. Алла тағала
осыдан кейін ғана мұсылмандардың рухын көтеріп,
әлсіздерге, қорғансыздарға пана болу мақсатында,
күн санап қиянат жасаудашектеншыққан кәпірлердің
шама-шарқын көздеріне көрсету үшін соғысқа
алғашқы рет мына аят арқылы рұқсат берді.
ُّأُذِنَ لِلذِينَ يُقَاتَلُونَ بِأَنهُمْ ظُلِمُوا وَإِن اللَّ عَلَى نَصْرِهِمْ لَقَدِيرٌ.
الذِينَ أُخْرِجُوا مِن دِيَارِهِمْ بِغَيْرِ حَقٍّ إِلّ أَن يَقُولُوا رَبّنَا الل
«Өздерінеқарсысоғысашылғанмұсылмандарға
(мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. Өйткені
олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте,
Алла тағала оларға жәрдем беруге толық күші
жетеді.Оларешбірсебепсізтек«Раббымыз– Алла»
дегендері үшін отандарынан қудаланды...»
3
.
Яғни өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап, сан-
алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен
кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға
салған адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан
кейін ғана рұқсат етілді.
Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл тура-
лы Алла тағала былай дейді:
فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ فَلَمْ يُقَاتِلُوكُمْ وَأَلْقَوْاْ إِلَيْكُمُ السلَمَ فَمَا جَعَلَ اللُّ
3
«Хажжаж» сүресі, 39-аяттар.