Previous Page  7 / 20 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 20 Next Page
Page Background

q

q

7

Жиһад деген не?

бір айлаға көшті. Мұсылмандарды өзге халықтан

бөлектеп, сауда-саттық секілді жалпы адами

қатынастардың барлығына тыйым салып, олар-

ды қоғамнан оқшаулап, саяси-экономикалық бло-

када жариялады. Тоз-тоз болып, аш-жалаңаш күй

кешкен мұсылмандар бұл қиын заматта да сабыр

сақтап, ұстанған жаңа діндерін тастамастан, өздеріне

жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты.

Осындай қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы

бар дүниесін мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне

тиесілі жиһад міндетін атқара білді. Исламнан

бұрын Меккенің санаулы байларының санатына жа-

татын Хадиша анамыз бар байлығын Хақ жолына

жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған кезде ақыреттік

кебініне бір орам бөз де бұйырмаған еді.

Және сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір өз үйінде

Құран оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде

емес, ел жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде

оқитын. Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу

Бәкірдің тебіреніп оқыған Құранына құлақ түре ба-

стады. Кейбірі көп өтпей мұсылмандықты қабылдап

жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір ғана

Құран оқуымен де жиһадты тамаша атқарды.

Күнсанапазғындықташектеншыққанмүшріктердің

азабына шыдай алмайтындай жағдайға жеткен кез-

де, ғибадаттарын еркін атқарып, жаңа дінді өзгелерге

жеткізудің уайымымен мұсылмандар Меккедегі

туған жерлерін, бар дүние-мүлік, туған-туыстарын

тастап, Мәдина қаласына һижрат етті (көшті).

Мұсылмандардың Мәдинаға келгеніне екі жылдай

уақыт өткен аралықта Мекке мүшріктері олардың

Меккеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға

салып, өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған

дүниелерін үлкен керуендермен Шамға, Сирияға