Previous Page  4 / 20 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 20 Next Page
Page Background

q

q

4

Жиһад деген не?

Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді,

жүрегіңді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық,

қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкап-

парлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып,

олардың орнын көркем қасиеттер егу. Қысқасы,

мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі. Себебі,

әуелі өз басын түзете алмаған адам, нәпсісін жеңіп,

кемел адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай

тура жолға шақырмақ?!

Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың

маңыздылығыайтпасадатүсінікті.Себебі, адамөзінде

жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз

(с.ғ.с) бірде соғыстан шаршап-шалдығып келе жатқан

сахабаларына

ُرَجَعْنَا مِنَ الْجِهَادِ اْلأَصْغَرِ إِلَى الْجِهَادِ اْلأَكْبَرِ، قَالُوا: وَمَا

الْجِهَادُ اْلأَكْبَرُ؟ قَالَ مُجَاهَدَةُ الْعَبْدِ هَوَاه

«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа

қайттық», – деген кезде, сахабалары: «Уа,

Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»

1

, – деп

таңғала сауал қойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Ол – өз нәпсіңмен күрес»,

– деп қысқа да нұсқа жауап қайырды. Міне, көрдіңіз

бе! Неге? Өйткені, нәпсімен күрес қолға қару алып

дұшпанмен соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз,

сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға

дейін болатындығы белгілі. Сондықтан, онымен

күресу оңай. Ал нәпсің болса, олай емес. Ол сенің

ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны

да белгісіз. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен

шектелмейді, әрдайымсеніменбірге.Міне, сондықтан

1

Ажлуни, Кәшфул Хафа, I, 45.