q
q
9
Жиһад деген не?ً
لَكُمْ عَلَيْهِمْ سَبِيلا
«Егер олар сендерден аулақ тұрса әрі сендермен
соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса,
онда Алла тағала сендердің оларға шабуыл
жасауларыңа ешқандай жол бермеді»
4
.
Алла тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр
кешуді былай қойғанда, мұсылмандардың оларға
жақсылық әрі әділдік танытуларына рұқсат берген.
َلَ يَنْهَاكُمُ اللُّ عَنِ الذِينَ لَمْ يُقَاتِلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَلَمْ يُخْرِجُوكُم
مِّن دِيَارِكُمْ أَن تَبَرّوهُمْ وَتُقْسِطُوا إِلَيْهِمْ إِن اللَّ يُحِبّ الْمُقْسِطِين
«Дін турасында сендермен соғыспаған, әрі
сендерді өз отандарыңнан қуып шығар-маған
адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға
әділетті болуларыңа Алла тағала қарсы емес.
Өйткені Алла тағала әділеттілік жасағандарды
жақсы көреді»
5
.
Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске
аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын
ақырғы шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан
мүмкіншілік туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни
қарсы жақ соғысты тоқтатып, келіссөз сұраса,
мұсылмандар да соғысты тоқтатып, келіссөзге
жүгінулері абзал.
وَإِن جَنَحُواْ لِلسلْمِ فَاجْنَحْ لَهَا
«Егер олар келіссөзге, бейбітшілікке (ниет
білдірсе) жақындаса, сен де жақында»
6
.
4
«Ниса» сүресі, 90-аят.
5
«Мумтахина» сүресі, 7-аят.
6
«Анфал» сүресі, 61-аят.