q
q
11
Жиһад деген не?
дай ескертулер жасады:
«Алланың атымен жолға
шығыңдар. Алла жолында күресіңдер. Соғысатын
адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар бол-
са, оны қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс
кезінде өлтірген адамдарға «мүслә» (өлі денелерін
тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кеспеңдер)
жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді, қарт кісілерді,
ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер»
8
.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тіпті өзіне қарсы соғысып
жатқандарды лағынеттеуі былай тұрсын, оларға:
«Иә,
Алла тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің
құлдарыңбыз...», «Иә, Аллам, олар білмейді, Сен
оларды кешіре гөр!»
деген сияқты игі тілекте болған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянының атақты
жазушысы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың
«Сирату рахматан лил-аламин»
атты кітабындағы
келтірген дерек бойынша һижри жыл санауымен ІІ-
ІХ жылдар аралығында болған барлық соғыстарда
дұшпан әрі мұсылман қатарынан бар болғаны 1018
кісінің ғана көз жұмғаны төңірегіндегі мәліметтерді
ескерер болсақ, соғыс деп әй-шәй жоқ қыра берудің
де дұрыс емес екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918
жылы болған бірінші дүниежүзілік соғыста 21 мил-
лион адам жараланып, олардың 7 миллионы өмірмен
қош айтысқаны белгілі.
Жоғарыда айтылғандай, соғыс – дауды бейбіт
жағдайда шешудің еш мүмкіндігі қалмағанда ғана
баратын соңғы жол. Рұқсат етілген бұл соғыстың
өзін жекелеген адамдар, яки белгілі бір топ
бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа қатысу не
қатыспауды шешетін,
«жиһад!»
деп аттан салатын,
«соғысыңдар!»
деп бұйрық беретін тек қана мемлекет
8
Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жиһад, 82.