q
q
16
Жиһад деген не?
тірі жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның
атын жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған
бүлдіру әрекеттерін бейбітшілікті уағыздайтын Ис-
лам дініне жабудың ешқандай негізі жоқ. Бұл тек күн
санап көркейіп, өсіп келе жатқан дінімізге жаны қас
дұшпандардың жапқан жаласы мен жаққан күйесі
ғана.
Құрандағы: ْ
وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثَقِفْتُمُوهُم
«Оларды (мүшіріктерді) қайда көрсеңдер
сол жерде өлтіріңдер»
12
деген аятты лаңкестер өз
істеріне ақтау ретінде қолдана алмайды. Себебі, бұл
аят соғыстың қызып тұрған кезінде қолына қару
алып, мұсылмандарды өлтіру ниетімен соғыс майда-
нына шыққан дұшпан әскерін «сендер де өлтіріңдер»
деген мағынаны білдіреді. Ол бейбіт жатқан кез-
келген өзге діндегілерді «қайда көрсеңдер, сол жер-
де өлтіріңдер!» деген сөз емес. Исламда мұсылман
өлкесінде тұратын өзге дін өкілдерін өлтіру былай
тұрсын, оларға мұсылман болмағанын желеу етіп,
титтей де болса әділетсіздік жасау дұрыс емес.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде:
ِمَنْ أَذَي ذِمِّيّا فَأنَا خَصْمُهُ وَ مَنْ كُنْتُ خَصْمُهُ أُحَاسِبُهُ يَوْمَ
ا لْقِيا مَة
«Кім де кім бір зиммиға (мұсылман елінде
тұратын өзге дін өкілдері) қиыншылық көрсететін
болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен
кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке
есептесемін»,
– делінген.
12
«Бақара» сүресі, 191-аят.