q
q
18
Жиһад деген не?
лары кейіннен исламға кірген уақытта өздерінің
дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге дейін
мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр
кешуі – олардың осы төзімділік әрекеттерінің айқын
көрінісі». Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне
куә болған Никоу епископы Джон (694 жылда-
рында өмір сүрген) мұсылмандардың сол кездегі
қолбасшысы Амр ибн Астың өзге дін өкілдеріне
көрсеткен құрметін былай деп тілге тиек етеді: «Ол
шіркеулерден еш нәрсе алмады. Талан-таражға сал-
мады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне қол тигізбеді де».
Осы сияқты тарихи дәлелдер кейбіреулердің
айтқанындай, исламның жер жүзіне қылыштың
жүзімен емес, айдай анық ақиқаттары мен оны
ұстанушы
мұсылмандардың
адамгершілігі
мен
төзімділік
ұстанымдарының
арқасында
жайылғандығын білдірсе керек.
Мұсылмандар ғасырлар бойы қол астындағы өзге
дін өкілдерін алаламастан оларға жақсылық жасап,
қошемет көрсеткені соншалық – Рим императоры Си-
рияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап
келе жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге
жиналып, мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп,
мінәжат еткен. Егер мұсылмандар қол астындағы
өзге дін өкілдеріне қысастық жасап, исламға кірулері
үшін күштегенде, олар жалына-жалбарына осылай
мұсылмандардың тілеуін тілер ме еді?
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен
күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда арт-
та қалуларының, көптеген саяси ойындардың
құрбанынаайналуларының, экономикалықкүйзеліске
ұшырауының бірден-бір себебі – сауатсыздық,