Previous Page  6 / 20 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 20 Next Page
Page Background

q

q

6

Жиһад деген не?

Қысқасы, істелетін әрбір істің Хақтың разылығына

қарай реттелуіне жиһад делінеді.

Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады.

Барлық дипломатиялық байланыстар нәтижесіз

аяқталып, келіссөздерден толықтай үміт үзілген

шақта отанды қорғау үшін қолға қару алып, жиһад

жасауға болады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуіріндегі жиһадқа,

яғни мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне

назар аударсақ, жоғарыда айтылғанжиһадтың барлық

түріне куә боламыз.

Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығының

алғашқы үш жылында исламды жасырын насихат-

тады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары

дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен

жасырын түрде кездесіп тұруы болатын.

Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап,

пайғамбарымыз (с.ғ.с.) елді жаңа дінге жария түрде

шақыра бастады. Осы кезде Мекке мүшіріктері

иман етіп, жаңа дінге кірген ат төбеліндей аз

ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп, сан-

алуан қиыншылықтарға душар етті. Осы кезеңдегі

мұсылмандарға тиесілі жиһад – мүшіріктердің жан

шыдатпас азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді наси-

хаттауды тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең

керемет түрде атқара алды.

Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар

болған кейбір мұсылмандарға пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

Эфиопия еліне көшуді бұйырды. Жағфар және басқа

да онымен бірге барған бірқатар сахабалар Эфиопия

патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға

келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай ғана

көш емес, Жағфар сынды сахабалардың үлесіне ти-

ген сол кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі

болатын.

Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа