q
q
5
Жиһад деген не?
пайғамбарымыз сыртқы дұшпанмен күресті
«кіші
жиһадқа»
теңеп, нәпсімен күресті
«үлкен жиһадқа»
балаған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа бір хадисінде:
«Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен
күресуші»,
– деп нәпсімен күрестің маңыздылығын
тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамнан адамға, қоғамнан қоғамға,
жағдайдан жағдайға қарай түрленіп отырады.
Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол
жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, эко-
номика маманының мұсылмандардың әлеуметтік
жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-
қайраты, мұғалімнің сапалы білім беруі – мұның
бәрі жиһадқа жатады. Бүгінгі таңдағы дағдарысқа
қарсы еңсеру барысында жасалып жатқан шара-
лар да жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті
қаржыны тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медре-
се тұрғызуы; қалталы азаматтардың жоқ-жітіктерге
көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан істері де
Хақ жолындағы күреске – жиһадқа жатады.
Еліміздің кейбір ауылдарында тілсіз апаттардан
жапа шеккен жандарға көмек беріп оларға қол ұшын
созу да жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Жесірлер мен
міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі дін жолында
жиһад жасаушы адамға тең»
2
дейді.
Кейде нағыз сұранып тұрған тұста бір ғана
кесімді сөз айту да, сөз кері әсер етер сәтте сабыр
сақтап, үндемеу де жиһадқа саналады. Тіпті, кей-
де қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки
күлімсіреудің де жиһадқа саналуы ғажап емес.
2
Бухари,