q
q
3
ЖИҺАД ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Жиһад»
сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге,
мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-
қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, күресу де-
ген мағыналарды білдіреді.
Жиһад ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда
көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп
біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың
мағынасын шектейді. Құранда
«жиһад»
сөзі 35
жерде аталғанымен, төрт жерде ғана тікелей соғыс
мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы
«харб»,
«мухарабә», «мағрака», «қитал»
терминдерімен
білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да
қамтығандықтан, көпшілік
«жиһад
» делінген кезде
тікелей соғысты түсінеді.
Жиһад – адамға Алла тағаланы тану үшін жол ашу
дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық,
кедейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер
кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын
барлық іс-шара жиһад болып есептеледі.
Алла разылығы үшін істелген әрбір іс-әрекет
«жиһад»
болып саналады. Қандай да болсын қиын
жағдайларға қарамастан, күн сайын үздіксіз бес уақыт
намаз оқу, кейде ми қайнатар аптап ыстықта ораза
ұстау, Алла тағаланы халыққа таныту үшін істелген
әрбір іс, қоғамдағы кейбір керітартпа келеңсіздіктерді
түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара
исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.