Previous Page  178 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 382 Next Page
Page Background

180

Хикмет

баспа үйі

Х

тәртіп пен өмір дауасын дарытатын бір көңіл дәрігері.

Және де мархабатты мүмин әрбір саладағы қызметін

сүйіспеншілікпен, мейіріммен атқаруды білетін,

үміт пен иман көзі болған бір адам. Ол рухқа шаттық

сыйлайтын барлық қызметтің алдыңғы қатарында

жүреді. Және ол сөзімен, жазуымен, халімен әрбір

азғындық, азап пен қайғының қасында болады. Ол

қайғылы адамның, қиналғанның қасында, жетім-

дер мен үмітсіздердің басында табылады. Сондай-

ақ мүминдегі иманның алғашқы жемісі рахмет пен

мархабат. Адамзаттың ахлағы да Құранмен кемеліне

жеткен. Сондай-ақ, Құран Кәримді ашсақ, ең алды-

мен алдымыздан «Рахман» және «Рахим» сипатта-

ры шығады. Раббымыз ұлы затын «мейірімділердің

ең мейірімдісі» деп танытып, құлына өзінің ахлағын

бойына сіңіруді әмір етеді. Сондықтан Хаққа деген

сүйіспеншілікке толы мүминнің жүрегінің Раббтың

барлық жаратқандарын мейіріммен, мархабатпен

құшағына алуықажет. Рабтысүюдің нәтижесі - Оның

жаратқандарына

мейіріммен,

сүйіспеншілікпен

қарау. Сүйген сүйгенінің алдында сүйгеніне қарай

жанқиярлық істер жасауды ләззат пен міндет санай-

ды. Аллаһтың жаратқандарына беру Аллаһқа деген

сүйіспеншілік деген сөз.

Расында Аллаһ үшін «беру» деп аталатын садақа

мен қайырымдылықтың түрлері көп. Бұлардың

ең жоғарғы дәрежесі, айтқанымыздай, «исар» бо-

лып табылады. Бұл басқасының қажеттілігін өз

мұқтаждығынан жоғары санау қасиеті. Әрбір кәміл

мүмин үжданмен міндетті болған қайырымдылық

пен сезімталдықтың ең жоғары дәрежедегі көрінісі.