186
Хикмет
баспа үйі
Х
мен ауыртпашылықтарына шыдау сияқты білім, мал
мен нәпсі жомарттығының барлығы да оның бойында
бар еді.
Құрайыш мүшриктерінің үлкендерінің бірі Сафу-
ан бин Умейе мұсылман болмаса да, Хунайн мен Тайф
соғыстарында Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) қасында болған еді.
Жиранада жиналған олжаларды аралап жүріп
Сафуанның оларға қатты таңдана қарағанын көріп,
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Қатты ұнады ма?»
- деп сұрайды. Ол: «иә» деп
жауап берген соң:
«Ал, бәрі сенікі болсын!»
- дейді.
Сонда Сафуан өзін ұстай алмай:
«Пайғамбар жүрегінен басқа ешбір жүрек мұндай
жомарт бола алмас,» - деп иман айтып, мұсылман бо-
лады.
(Уақиди, Мәғази, II, 854-855)
Расында да исар сыйдың ең кереметі. Расулуллаһ,
сахаба мен салих құлдардың осындай сыйлары
арқылы қаншама күпірлігінен танбаған адам тәубеге
келіп, қаншама дүшпан дос болып, қанша мүминнің
мүмин бауырына сүйіспеншілігі артқандығын ойлау
керек.
Аллаһ Расулы ешқашан езінен бір нәрсе сүраса,
қолынан келетін бір сүранысты кері қайтармайтын.
Бір жолы оған тоқсан мың дирхам тиеді. Мұны бір
төсеніштің үстіне төгіп, келген мұқтаждарға беріп,
барлығын бітіреді.
z