192
Хикмет
баспа үйі
Èñòèµíà
Сахабалар барлық нәрсесін Меккеде тастап,
Мәдинаға һижрет еткен кезінде Расулуллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүһәжир Абдуррах-
ман бин Ауф пен Әнсар Сағд бин Рәбидің арасында
бауырластық құрған еді. Сағд бин Рәби Абдуррахман
бин Ауфқа:
«Мен
мал-мүлікжағынан
Әнсардың
ең
ауқаттысымын. Малымның жартысын саған бөліп
берем. Міне, малым, ал» - деді.
Абдуррахман бин Ауф (радиаллаһу анһу) болса,
бұлардың барлығына көңіл тоқтығымен:
«Аллаһ малың мен мүмкіндіктеріңді саған
қайырлы әрі мүбәрәк етсін, бауырым. Мен бұларға
мұқтаж емеспін. Сен маған базардың жолын көрсет,
сол жетеді» - деді.
Абдуррахман бин Ауф (радиаллаһу анһу) базарға
барып сауда жасады. Көп кешікпей әжептәуір
табысқа ие болды да, ағния-и шәкирин (шүкіршіл
байлар) қатарына қосылды.
Көп жылдар өтіп, мүминдер Исламның күшті, ай-
бынды дәуіріне жетті. Бір күні ауыз ашарда Абдур-