Хикмет
баспа үйі
үміттенем. Уа, Расулаллаһ, енді осы бақты Аллаһтың
саған көрсеткен жолында қолдан».
(Бұхари, Уәсая,17)
Әбу Талхаға осы жанқиярлықты жасатып,
мақтаулы ахлақтың рухқа орнығуы арқылы пайда
болатын ізгіліктің адамзат арасында жайылуымен
жер бетінде қандай бір бақыттылық ғасырының пай-
да боларын болжау онша қиын емес.
z
Аллаһ Расулы ештеңесі жоқ адамды да қайыр
жасауға шақыратын. Мысалы, Әбу Зәр (радиаллаһу
анһу) ең пақыр сахаба болса да, оны да қайыр жасауға
шақырып, былай дейді:
«Ей, Әбу Зәрр! Көже пісірген кезде суды көп құйып,
көршілеріңе қара!»
(Муслим, Бирр, 142)
Мүмин қараңғы түндегі толған ай сияқты нұрлы,
терең, нәзік, сыпайы, қамқор, жомарт, мейірімді,
мейірбан және қайыр тебіренісіне толы болуы керек.
Қазіргі кезде де мүмкіндігінше нақты бір қайыр
мен исарға қажеттілік бар. Қайғылы және мұқтаж
адамдардың орнында біздің де болуымыз мүмкін
екендігін ұмытпаған жөн. Сол себепті науқас, жаны
күйзелген, бишара, жетім, пақыр және аш адамдарға
қайыр мен исарымыз - Раббымыздың алдындағы
шүкіршілік борышымыз. Қолымыздағы нығметтерді
мұқтаждармен бөлісейік, сөйтіп қуантқан көңілдер,
дүниеде руханиятымыз, ақыретте көмекшіміз,
жәннатта бақытымыз болсын.
Уа, Раббым! Мейірімніңбарлықкөріністері, көңіл
өміріміздің бітпес қазынасы болсын! Раббымыз!
189