Хикмет
баспа үйі
195
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
күні бойы аш жүріп, жейтін бір құрма да таппаған
күндеріне куә болған Хазіреті Омар (радиаллаһу
анһу)
(Муслим, Зүһд, 36)
қызы Хафсаға:
«Қызым! Расулуллаһтың ішіп-жейтіні, киетін ки-
імі қандай еді?» - деп сұрады.
«Тек өзіне жететіндей ғана еді» - деп жауап берген
соң Хазіреті Омар былай деді:
«Екі дос (Хазіреті ПайғамбарменӘбуБәкір)және
мен, бір жолмен жүрген үш жолаушы сияқтымыз.
Алғашқымыз (Хазіреті Пайғамбар) орнына барды.
Екіншісі (Әбу Бәкір) сол жолмен жүріп, біріншіге
қауышты. Үшіншісі болып, мен де жолдастарыма
жеткім келеді. Егер артық жүкпен жүрсем, оларға
жетеалмаймын!Әлде сенменіңосыжолдыңүшіншісі
болуымды қаламайсың ба?»
- деді.
(Шехбендерзаде Ахмед
Хилми, Тарихи-Ислам, I том, 367 б.)
Шүбәсіз, Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) бұл
ұстанымы жоғары жүрек сезімталдығының белгі-
сі. Ақиқат пен қүқықты іс-жүзінде үстанып, әлемге
әділдік орнатқан Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу)
туралы кептеген парасаттылық аңыздары, рухани
тәрбиеде өнеге болған ең таңдаулы үлгілер.
Расында, адамдар өнерпаздар мен даналарды
бағалайды. Бірақ, олардың жеке қимылдарына елік-
темейді. Еліктенетіндер - ахлағы тамаша, абыройлы
әрі көңілі тоқ тұлғалар. Осындай адамдардыңжоғары
және тамаша адамшылықтары ғана өлгеннен кейін
үмбетке бір ғибрат көрмесі және де парасаттылық
тәлімі болып қалады.